Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

 

Алматыдағы бүлік кезінде жарылған гранаталарға қарамастан түтіннің арасынан көк туды алып шыққан қоғам белсендісі Берік Әбішевтің жағдайы қазір өте ауыр. Шүйдесінен тиген жарықшақ самайына тұрып қалған.

Ең сорақысы есін енді жиған Берікті күштік құрылымдар алып кете ма деген қауіп бар. Ол қазіргі таңда ауруханада жатыр, оны туған ағасы Ерік тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Кең тараған суреттің кейіпкері Берік Әбішов қазір Алматыда ауруханада жатыр.

6 қаңтар күні ағасы звандаған кезде, Беріктің телефонын бөтен біреу көтеріп, «Мен оны атып тастадым!» деген.
Бауырлары бірнеше күн іздеп, 8 қаңтар күні 12-ауруханада операциядан кейін ес-түссіз жатқан жерінен тауыпты. Содан бері ағасы Ерік Әбішов оның жанында. Есін жиған соң полиция алып кете ме деп қорқады және жұртшылықтан қолдау күтеді.

Суретте ту ұстап жүрген Берік екеніне сол кезде жанында болған адамдар куә дейді ол. Ары қарай Еріктің телефон арқылы айтқан әңгімесі.
«Мені, әпкемді танып отыр. Бірақ кеше досы келіп еді, оны танымады. Ештеңе есінде жоқ. Құлағы дұрыс естімей қалған. Сүйемелдеумен ақырын жүреді, тамақ ішеді. Дәрігерлер Берікке оқ емес, жарықшақ тиген, шүйдесінің бір жағынан кіріп, самай тұсына тұрып қалған дейді.
Берікпен 6 қаңтар күні соңғы рет сағат кешкі алты жарым шамасында сөйлескем. Алаңдамын, бейбіт митинг болып жатыр деді. Қайтсаңшы деп едім, кеше біраз адамды атып тастады, қалай кетем, одан да өзің кел деді. Мен ол кезде жұмыста отырғам. Біраз уақыттан кейін неше рет звандап ала алмадым. Ақыры сағат түнгі ондарда оның телефонынан басқа біреу жауап берді. «Берік қайда?» десем, «Берікті атып тастадым! Площадқа кел, сені де атып тастаймын!» дейді. Сөйтті де телефонды өшіріп тастады. Бұл кім, не айтып тұр, қалжыңдап тұр ма, әлде полицияға түсіп қалды ма деп басымыз қатты. Сол кезден іздеп, дәрігерлер түсіріп таратқан суреттің көмегімен осы ауруханадан таптық.

 

Келсем, Берік комада жатыр, басынан жараланған, операция жасалып жарасы тігілген, бірақ дәрігерлер операция жасаған жоқпыз, оқ алған жоқпыз деді. Осыны түсінбей отырмын. Біреулер КНБ қысып тастаған дейді. Әйтеуір, қазірге дейін полициясы да, басқасы да келген жоқ.

Бірақ митингіде жарақат алғандарды ауруханадан алып кетіп жатқанын естіп, қорқып отырмыз.
Берік өзі түнімен басым деп ұйықтамайды. Ояу кезінде түсініксіз бірдеңелер айтады. Жанашыр адамдар бізді ұмыт қалдырмауын, Берікті алып кетуіне жол бермеуін сұраймыз».- деп жазды Facebook парақшасында Егемен Қазақстан интернет-редакциясының жетекшісі Ержан Әбдіраман

Мұны оқыған желі оқырмандары: «Бұл азаматқа қолдау керек»,»Жарайсың батырымы, көк туымызды қолыңнан түсірмей жүргеніңнің өзі ерлік емес пе?»,»Барынша қолдау көрсетейікші»,»Жазылып кет бауырым», Ауруханадан алып кетпесе екен»,-деген пікірлер жазылды.

https://www.facebook.com/photo?fbid=4730813550307783&set=a.208808975841619

Рубрика: