Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бұл туралы Caravan.kz порталы журналист Гүлмира Әбіқайдың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Тарғапта тал түсте атылған оқ екі адамның өмірін жалмады. Жеңіл көлікті қоршап алған 20 адам әскери киімде болды. Бәрі қазақ, сонда олар кім??? Кенеттен қара жамылған Сағындықовтар әулеті осы сауалдарға жауап таба алмай келеді
«Тарғап» Алматыдан 90 шақырым қашықта жатқан шағын ауыл. Алматы- Бішкек-Тәшкенге апаратын күре жол бойында орналасқан. 07/01/22 жеңіл көлікке мінген 7 адам Алматыдан Түркістан өңіріне қазаға аттанады. Комменданттық сағатқа дейін діттеген жерге еркін жететіне сенімді бір әулеттің 7адамы Тарғапқа шамамен түскі 12-де тоқтайды.
«Біз дәмхана алдына тоқтаған тұста КамАЗ-дан әскерилер секіріп түсіп қарсы бетке өтіп жатқанын көрдік. Есікті ашқанымыз сол еді, көлікті 20 шақты әскери қоршап оқ жаудырды. Шамамен 50 ме, 100дей оқ атылған шығар? Автомат дауысы саябырсығанда мен шағылған терезеден қолымды шығарып «Атпаңдар!» деп ишара жасадым. Көлік қарсы беттегі заправкаға барып тірелген екен. Шыққаным сол еді тағы оқ жаудырды, бак артына тығылып, жамбасым жараланып аман қалдым. Бәрі жап-жас қазақтың жігіттері. Көбісі қазақша сөйлеп жүр, арасында орысшасы да бар. Есімде қалғаны «Өлсеңдер өле беріңдер, бізден де қанша адам өліп жатыр…» деп айтқанын еске алады хат иесі Еркеғали.
Бір әулеттен 2 адам қаза тапты, анасы мен әкесінің бауыры. Туған аға-жеңге, әпкелері көз алдында жер бауырлап жатып психологиялық шок алды. Өзі жараланған күйі жолшыбай көлікпен Ұзынағаш ауруханасына жеткізілген, дегенмен қазір үйінде емделуде. Көлік Жамбыл аудандық айып пұл тұрағына тоғытылды. Түлкібасқа қазаға барамыз деп Сағындықовтардың өзі қаза жамылды. Содан бері бір адам бізден жағдай сұраған жоқ. Оқ жаудырған кімдер, мақсаты не, кім кінәлі? Біздің жазығымыз не?”деп шырқырайды Еркеғали. Бәрінен бұрын 80-ге тақаған жасында аяулы анамыздың жаңбырша жауған оқтан мерт болғаны жаныма батады деп ер-жігіттің көзінен жас ыршыды.
Бүгін 26/01, сағат 21-00 осы тақырыпта @gulmir_ktk инстаграм парақшамда Еркеғалимен тікелей эфир!!!!
Айтпақшы, дәл осы күні Тарғаптан түскі 1-лерде мен өттім Шымкенттен Алматыға келе жаттық. Автомат асынған әскерилер көлікті тоқтатты, құжат тескерді, багажды қарады, жіберді. Құдайым сақтаған екен!», деп жазды журналист. 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100003191968019

 

https://www.facebook.com/100003191968019/videos/1123336761770665/

Ескерту! Видеоның толық нұсқасын осы жерден көре аласыз! 

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында елімізге жасалған террористік шабуыл кезінде көптеген адам мерт болды. Лаңкестік шабуыл барысында, ғимараттар мен дүкендер тоналып, өртке оранды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай бүлік кезінде елімізге 20 мыңға жуық лаңкес шабуыл жасады деп мәлімдеді. 

Рубрика: