Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Өскеменде бүгін ең шулы сот процестерінің бірі аяқталды. Колонияның жеті қызметкері сот алдына тұрды. Олар тұтқынды азаптап өлтіріп қойған. Барлық айыпталушыларға тиісті жаза тағайындалды. Істің сотқа дейін жетуіне марқұм Андрей Кондратенконың өзі себепкер болды. Ол көз жұмбас бұрын өзін өлтіргендердің есімдерін қағазға жазып, оны жұтып үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Бұл шулы істің оқиғасы екі жыл бұрын 29 жастағы Андрей Кондратенконың өлімінен басталды. Ол алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқан, екі жылын өтеп енді бес айдан соң бостандыққа шығуы керек еді. Марқұмның отбасына Андрей асылып өлді деп хабарланған, алайда ол қайтыс болғанға дейін өліміне кінәлі қылмыскерлердің есімі жазылған қағазды жұтып қойғаны белгілі болды. Марқұмның әпкесі Ирина Никифорова оның жантүршігерлік азаптары туралы әңгімесін естіген және өзін өлтіріп қоя ма деп қорқып та жүрген екен. 

Сонымен қатар, оның өкпесінде сот-медициналық сарапшылары марқұмның өкпесінен су тапқан, бұл оны суға батып өлтіргенін көрсетуі мүмкін. Андрей Кондратенконың өліміне әкелген азаптауларға алты адам кінәлі деп танылды. Тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Руслан Тілеубаев пен жедел бөлім бастығының орынбасары Ерболат Әбілтаев сегіз жылға сотталды. Қалғандары бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қайтыс болған Андрей Кондратенконың әпкесі Ирина процеске қатыспаған, себебі Ресейде тұрады екен, бірақ ол үкім жайлы естіген.

“Жалпы алғанда үкімге қанағаттандым, бірақ егер үкімді апелляциялық сатыда жеңілдетуге тырысса, мен соңына дейін күресемін, өйткені мұндай азаптау мекемелерде болмауы керек. Бұл адамға тән емес”, – деді Кондратенконың әпкесі.

Кінәлілер марқұмның отбасына 7 миллион теңге материалдық шығын төлеуі тиіс. Іс бойынша тергеу бір жыл екі айға созылды. Судья істі сотталушылардың адвокаттары, ҚАЖД қызметкерлері және прокурорлар әдейі созған деп санайды. Оларға қатысты сот төрт жеке қаулы шығарды. Бірақ үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, сотталушылардың апелляцияға құқығы бар.

Рубрика: