Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Белгілі актер әрі шоумен Нұртас Адамбай өзін халыққа танымал еткен «Сабина келін» рөлін енді сомдамайтынын айтты. Бұл туралы ол Неге басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Сабина келін» туралы сұрақты қоятындар көп. Біз түсірген фильмде оғаш көрініс жоқ. «Сабина» – әйел образы және оны еркек актер сомдайды. Бұл – комедия. Бұл рөл талай адамға ұнады. Бір кездері «Тамаша» ойын-сауық театрында да актер Құдайберген Сұлтанбаев әйел образын сахналады. Тұрсынбек Қабатов КВН-де ененің рөлін алып жүрді. Бәріңіз білетін «Дом большой мамочки» фильмінде де әйелдің рөлінде еркек ойнап шықты. Бұл бар болғаны – рөл. «Сабина келін» жобасын енді түсірмейміз. Бұл жобаны жаптық. Әйел образын енді сомдамаймын. Жасым да келмейді. Қазақпыз ғой. Адам өзгереді. Осындай мәселені көтеретін жасымыз да келді. Біз айтпасақ, кім айтады? Өз баламызды ойламасақ, кім ойлайды? Қажылыққа барып, Алланың жолына түстім. Алла тағала сондай маңызды мәселелерді айтуды үйретіп жатыр», — деді Нұртас Адамбай.

Еске сала кетейік, жақында актер қызды болды. Бұл Нұртас Адамбайдың отбасындағы екінші перзент.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: