Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл жөнінде Елбасы сайтында жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл қастерлі күн халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының символы болып саналады.

Біз бүгін соғыс құрбандарының рухына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсетеміз. Олардың майдандағы өжеттігі мен тылдағы еңбегі туған елге деген қалтқысыз сүйіспеншіліктің және қайсарлықтың жарқын үлгісі екені сөзсіз.

Жиырмасыншы ғасырдағы ең сұрапыл соғыстағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпау, ардагерлерге қамқорлық көрсету – баршамыздың қасиетті борышымыз.  

Батыр бабаларымыздың қаһармандығы қазіргі тыныш заманда да біздің бойымызға жігер береді. Ол ауызбірлік, патриоттық, қайсарлық және Отанға деген махаббат арқылы кез келген қиындықты жеңіп, бейбіт әрі бақуатты өмірге қол жеткізуге болады деген сенімімізді нығайта түседі.

Ұлы Жеңіс күнінде баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт пен жақсылық тілеймін! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!», — делінген хабарламада.

Рубрика: