Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қыз Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орталығындағы өрттен қашып, ғимараттың терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Куәгерлер оқиға орнынан бейнежазбалар жіберген, видео кадрларынан жоғарғы қабатта тұрған қыздың бүкіл сауда орталығын толтырған түтіннен құтылу үшін секіруге шешім қабылдағанын көруге болады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше 2001 жылғы туылған қыз зардап шеккен.

«Өрт сөндіру барысында «Универсал» жиһаз цехының 2001 жылы туған қызметкері зардап шеккен. Қазір ол қыз Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жағдайы орташа дәрежеде», — деді департаментте.

Бұған дейін, Нұр-Сұлтандағы «Астықжан» ірі сауда орталығында өрт болғаны жазылған. Қазір оқиға орнына елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды.

Рубрика: