Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Нұр-Сұлтанда Алаш қозғалысының көшбасшыларына ескерткіш ашылды. Бұл туралы Қазақстан президентінің көмекшісі Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордада Ахмет Байтұрсыновқа, Әлихан Бөкейхановқа және Міржақып Дулатовқа ескерткіш қойылды. Оның ашылу салтанатына президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

 

“Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш Арыстарына ескерткіш ашылды”, – деп жазды Ерлан Карин.

Еске салайық, кеше ғана Нұр-Сұлтанда ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш орнатылды.

Рубрика: ,