АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосы желіде пайда болды[:]

[:kz]

Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосы пайда болды. Мәліметтерді Елбасының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұрағаттағы кадрлар Instagram-да пайда болды. Роликтің сипаттамасында айтылғандай, гольф – Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі.

“Елбасы әлемге әйгілі саясаткерлермен және бизнесмендермен бірге әртүрлі халықаралық турнирлерге жиі қатысатын», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Видеода Нұрсұлтан Назарбаев гольф ойынын Қасым-Жомарт Тоқаевпен ойнайды.

Айта кетейік, Елбасы сайтында Нұрсұлтан Назарбаев тенниске де қызығушылық танытып, 55 жасында шаңғымен айналыса бастаған.

 

 
 

[:]