Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық жағдайына байланысты биліктен бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Штрихи к портрету” бағдарламасына сілтеме жасап.

Елбасы алғаш рет денсаулығы сыр бергені туралы құпиясымен бөлісті. 

“Мен ешқашан айтпаған шындықты айтқым келеді. Мен омыртқама ота жасаттым. Өте ауыр ота болды. 8 науырыз концертте отырған едік. Концерт аяқталды. Мен орнымнан тұрсам, аяғымды мүлдем қозғалта алмаймын. Бірнәрсе қысып қалған сияқты. Мен күзет офицерін шақырып, қолын таяқ сияқты ұстап алып, бір зал толған адам байқамасын деп шығып кеттім. Одан кейін тексерілген кезде омыртқамда ақау барын білдім және ота жасаттым. Қазір емделдім, барлығы жақсы”, – дейді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық жағдайының да мемлекет басшысы болудан бас тартуға әсер еткенін айтты. Ол денсаулық жағдайы арлы-берлі жүруге мүмкіндік бермеді дейді. 

“Бала кезімде қызыл командир туралы фильм көргенмін. Ол жаралы еді, қозғалуға болмайтын. Отряды шабуылға шығуы керек еді. Ол өзін матап, командир қандай жағдай болмасын ақ ат мініп, отрядтың алдында болуы керек деп айтатын. Президент те дәл сондай. Науқас президент – мемлекет басшысы емес. Сенің жағдайыңнан мемлекет зардап шекпеуі керек. Президент болғаннан кейін, ары-бері жүріп, кездесу өткізуің керек. Ал мұндай денсаулықпен қалай кездесуге барасың. 350 кездесуің бар. Бұл 2011 жыл болатын. Маған жақсы хирург кездесіп, ота сәтті өтті. Менің кетуімнің тағы бір себептерінің бірі осы. Мен кетуге дайын емес едім. Өйткені билікті қабылдайтын адам мәселесі шешілмеген еді. Екі жылдан артық уақыт өтті, мен өкінбеймін”,- дейді Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметін атқарудың қаншалықты қиын екенін айтты.

«Бұл қысым. Барлығы президенттің өмірін ұшақпен ұшып жүреді, баспалдақпен түсіп, өзіне жағылған жарық жолмен жүреді деп түсінеді. Бұл президент өмірінің кішкене бөлігі ғана. Президенттің негізгі өмірі өте қиын. Ол барлығын ақыл-оймен, сарапқа салып шешуі керек. Шаршау, ұйқысыз түндер, Саяхат, келіссөздер және сіз ұсынған бағдарламаларды бақылау оңай емес», — деді Назарбаев.

Бұл ең ауыр жұмыс, деді Елбасы.

«Әрине, бұл психикаға үлкен салмақ түсіреді. Ең алдымен еңбек ету, халықтың өзіңе артқан сенімін ақтау керек», — деп түйіндеді Назарбаев.

Рубрика: