Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш Алматыдағы жекеменшік ауруханалардың бірінде емделіп жатыр, деп хабарлайды

Orda.kz. сайтының мәлімдеуінше, 16 тамызда Самат Әбіш Mercedes-Benz Gelendwagen автокөлігімен Алматыдағы түркиялық клиникаға келген. Оның салмақ тастағаны байқалады. Ешкімнің көмегінсіз өзі қозғалады. Алдын ала болжам бойынша, Самат Әбіш осы клиникаға келіп ем қабылдап кетеді. Ол сондай-ақ, ғимараттың төменгі қабатында орналасқан намазханаға да кірген.

Ақпараттық агенттіктің тілшісі аталған клиникаға барып, Самат Әбішті күткенімен, ол үйреншікті уақытта келмеген. Дегенмен, клиника қызметкерлерінің бірі Назарбаевтың інісінің ем қабылдағанын жоққа шығармаған.

Самат Әбіштің нақты қандай аурумен ауырып жатқаны белгісіз.

 

Рубрика: