Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлеуметтік желіде Украина жерінде қару асынып жүрген ресейлік «Ахмат» арнайы жасағының видеосы тарады.

Онда командирлердің бірі өз әскерінің көп ұлтты екенін айтып, ішінде қазақтардың да барын тілге тиек етеді.

Бұл турал Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Ең көп ұлтты әскер ол «Ахмат» арнайы жасағы. Түсінікті болу үшін айтайын, бұл украиндық жігіт. «Ахмат» арнайы жасағындағы украин. Бұл жақсы украин. Мынау орыс, мынау қазақ. Біздің «Ахмат» арнайы жасағында ингуштар, осетиндер, құмықтар бар. Біз көп ұлтты ұжымбыз және мұндағы жігіттердің қуанышы да, қайғысы да ортақ, мақсатымыз да бір. Яғни бұрын бауырлас болған халықтардың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз ету. Және мұндай жауыздар, фашистер, ұлтшылдардың болмағанын қалаймыз»,- дейді видеодағы жауынгер.

Видеоны көрген көпшілік Ресей билігі өз еліндегі аз ұлттардың өкілдерін біріктіріп, әдейі қанды қасапқа айдап отыр деп пайымдады.

Бірқатары ондағы қазақ деген жігіттің қазаққа ұқсамайтынын айтса, енді бірі бұларға жалдамалы тобыр деп баға берді.

Рубрика: ,