АЛТЫНОРДА
Новости

Мүлікті заңдастыруға кімдер қатысады?

imagesАғымдағы жылдың 1 қыркүейгінен бастап елімізде Мүлікті жария ету науқаны басталады. Мақсат – шетелде жасырын сақталып келген қазақстандықтардың қаражатын елге қайтару және жылжымайтын мүлікті заңдастыру.

Бұған дейін Қазақстанда дәл мұндай шара екі рет өткізілген болатын. Яғни, біздің елдің мүлікті заңдастыруда өзіндік тәжірибесі бар. Демек, бұл жолғы науқан да ойдағыдай өтуі тиіс. Кеше тұрғындарға түсіндіру және олардың сауалдарына жауап беру мақсатында бірқатар ведомство басшылары мен жауапты өкілдері «Хабар» телеарнасының тікелей эфирі арқылы халықпен байланысқа шықты.

ҚР Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымның айтуынша, жария ету науқанына Қазақстанның барлық азаматы қатыса алады. Тіпті, оралман деген мәртебесі бар, бірақ азаматтықты алып үлгермеген қандастарымыз да қаржысын жария етіп, мүлкін заңдастыруға құқы бар.

Мамандардың айтуынша, биылғы науқанға қатысантындар саны бұрынғылардан қарағанда асып түсуі әбден ықтимал.

«Иә, шынымен-ақ жария етуді өткізуде Қазақстанның тәжірибесі бар. Алғашқы ақшаны жария ету Қазақстан Республикасында 2001 жылғы шілде-тамыз айларында бір ай бойында өткізілді. Жария ету ол кезде бір жолғы акция түрінде, сол өткізу кезеңіне ҚР азаматтарының екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға ақша салуы жолымен өткізілді. Амнистия нәтижесінде Қазақстан Республикасының шамамен 3 мыңға жуық азаматы 480,0 миллионнан астам АҚШ долларын жария етті.

2006-2007 жылдары жария етуге тек қана ақша емес, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жатқызылды. Осы ерекшелікті, сондай-ақ мерзімдерін ұзартуды ескере отырып, акция анағұрлым созылмалы сипатта болды және бір жылдан астам уақыт — 2006 жылғы 3 шілдеден бастап, 2007 жылғы 1 тамызға дейін өткізілді. Сол кезде мүлікті жария етуді өткізу үшін жария етілген мүліктің құнынан 10% мөлшерінде алым алу көзделген.

Осы акцияны өткізу нәтижесінде:

— шамамен сомасы 845 млрд. теңге немесе шамамен 7 млрд.АҚШ долларына мүлік жария етілді, оның ішінде ақша – 538 млрд. теңге (бүкіл мүліктің 63,7%-ы), жылжымайтын мүлік – 236 млрд. теңгеге;

— республикалық бюджетке шамамен 60 млрд. теңге немесе 483 млн. АҚШ доллары (жария ету үшін алым) түсті» деді Б.Сұлтанов тұрғындар сауалына жауап беру барысында.

Айгуль АсеткызыimagesАғымдағы жылдың 1 қыркүейгінен бастап елімізде Мүлікті жария ету науқаны басталады. Мақсат – шетелде жасырын сақталып келген қазақстандықтардың қаражатын елге қайтару және жылжымайтын мүлікті заңдастыру.

Бұған дейін Қазақстанда дәл мұндай шара екі рет өткізілген болатын. Яғни, біздің елдің мүлікті заңдастыруда өзіндік тәжірибесі бар. Демек, бұл жолғы науқан да ойдағыдай өтуі тиіс. Кеше тұрғындарға түсіндіру және олардың сауалдарына жауап беру мақсатында бірқатар ведомство басшылары мен жауапты өкілдері «Хабар» телеарнасының тікелей эфирі арқылы халықпен байланысқа шықты.

ҚР Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымның айтуынша, жария ету науқанына Қазақстанның барлық азаматы қатыса алады. Тіпті, оралман деген мәртебесі бар, бірақ азаматтықты алып үлгермеген қандастарымыз да қаржысын жария етіп, мүлкін заңдастыруға құқы бар.

Мамандардың айтуынша, биылғы науқанға қатысантындар саны бұрынғылардан қарағанда асып түсуі әбден ықтимал.

«Иә, шынымен-ақ жария етуді өткізуде Қазақстанның тәжірибесі бар. Алғашқы ақшаны жария ету Қазақстан Республикасында 2001 жылғы шілде-тамыз айларында бір ай бойында өткізілді. Жария ету ол кезде бір жолғы акция түрінде, сол өткізу кезеңіне ҚР азаматтарының екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға ақша салуы жолымен өткізілді. Амнистия нәтижесінде Қазақстан Республикасының шамамен 3 мыңға жуық азаматы 480,0 миллионнан астам АҚШ долларын жария етті.

2006-2007 жылдары жария етуге тек қана ақша емес, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жатқызылды. Осы ерекшелікті, сондай-ақ мерзімдерін ұзартуды ескере отырып, акция анағұрлым созылмалы сипатта болды және бір жылдан астам уақыт — 2006 жылғы 3 шілдеден бастап, 2007 жылғы 1 тамызға дейін өткізілді. Сол кезде мүлікті жария етуді өткізу үшін жария етілген мүліктің құнынан 10% мөлшерінде алым алу көзделген.

Осы акцияны өткізу нәтижесінде:

— шамамен сомасы 845 млрд. теңге немесе шамамен 7 млрд.АҚШ долларына мүлік жария етілді, оның ішінде ақша – 538 млрд. теңге (бүкіл мүліктің 63,7%-ы), жылжымайтын мүлік – 236 млрд. теңгеге;

— республикалық бюджетке шамамен 60 млрд. теңге немесе 483 млн. АҚШ доллары (жария ету үшін алым) түсті» деді Б.Сұлтанов тұрғындар сауалына жауап беру барысында.

Айгуль Асеткызы