Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Танымал айтыскер ақын әрі қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек кіші ұлы Абдулланың тұсаукесер тойын Алматы төрінде атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ. Той Алматыдағы мейрамханалардың бірінде жасалды.

Тазабеков кенже ұлы Абдулланың тұсауын кесіп, халықтың батасын алуды жөн көрген.

Тұсаукесер тойға танымал өнер жұлдыздары да жиналды.

Кішкентай сәби ортаға белгілі әнші, «Жігіттер» тобының мүшесі Айдар Тұрғамбектің әнімен шықты. Одан бөлек, әнші Жігер Ауыпбаев пен Мақсат Рахмет той көрігін қыздырды.

Той тізгінін белгілі тележүргізуші әрі шоумен Дәулет Бижанов ұстаған. Сәбиді батыр болсын деген ниетпен қазақтың алып тұлғалы жігіттері ортаға алып шықты. Айта кетелік, Мұхамеджан Тазабеков жұбайы Еңлікпен бірге төрт қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Жақында Тазабеков үлкен қызының ұзату тойын өткізген болатын.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: