Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

АҚШ-та орта мектептің бұрынғы мұғалімі жасөспірімді азғырғаны үшін шартты түрде сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

31 жастағы америкалық әйел оқушыға 2018 жылдан бері жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен қамауға алынған.

Айыптаушы тарап Марка Бодинді 20 жылдан 40 жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап етті, бірақ судья оған жеңіл жазаны таңдады. Әйел 60 күн түрмеде отырып, 10 жыл сынақ мерзімінен өтеді. Сонымен қатар ол «жыныстық құқық бұзушы» ретінде тіркеліп, психотерапия курсынан өтуі керек.

Жазаның жеңіл болуы айыпталушының жақында сәбилі болғанымен байланысты болуы мүмкін.

Рубрика: