Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Молдова парламентінің спикері Игорь Гросу Киевке сапары кезінде украиналық әріптесі Руслан Стефанчукқа Украинаға әскери көмек көрсетуден бас тартатынын айтты. Бұл туралы «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының баспасөз хатшысы Адриана Влас мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Парламент спикері Молдованың бейтараптық мәртебесіне сәйкес, ел басқа елдерде әскери техниканы орналастыра алмайтынын айтты», — деді ол.

Стефанчук Гросудан Молдованың МиГ-29 ұшағын Украинаға беруді сұрағаны белгілі болды.

Сонымен қатар,  Молдова парламентінің спикері Кишинев жергілікті халық өзін қауіпсіз сезінуі үшін қауіпті аумақтарды тазартуға саперлар жіберуге дайын екенін айтты.

Адырна” ұлттық порталы

Рубрика: