АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Министрлік жұрттың ызасына тиген қазақстандық сериалды тексереді – видео[:]

[:kz]

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық сериалдың эпизодына қатысты сан түрлі пікір айтып отыр. Ішкі істер министрлігінің өкілдері оны жіті тексеретін болады

Қазақстанның ішкі істер министрлігі «Сериал емес» сериалының материалдарын тексереді. Оның эпизодтарында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері бар екені айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі жаңа заң жобасының нормасы талқыланды. Осы кезде тілші Hit TV телеарнасында көрсетілетін сериал туралы сұрақ қойды.

Сериалдың эпизодында күйеуі әйеліне қол көтереді. Бұған не себеп болды деген сұраққа жоғары оқу орнының оқытушысы өзі кінәлі екенін айтады. Бұл жағдай әлеуметтік желідегі қазақстандықтардың ызасына тиді.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақстандық режиссердің кенже ұлы қайтыс болды

«Кез келген жағдайда әйел ер адамнан бір саты төмен. Егер әйел дер кезінде үндемей қала алса, отбасы да бақытты болады», — дейді сериал кейіпкері. 

Сюжет бойынша күйеуі соққыға жыққан әйелдің мұндай жауабына студенттер ду қол шапалақ соғады.


[:]