Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

 

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы қарсаңында баласының мектеп формасы қанша ақша жұмсағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген министр, өткен демалыс күндері баласымен дүкенге барғанын атап өтті.

«Бірнеше ақ көйлек, шалбар, костюм, галстук алдық. Балам жаңа оқу жылына дайын. Барлығына 35 мың (теңге) шамасында кетті», — деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, дүкенге келушілер көп болған. Таңдау қазақстандық өндірушінің костюміне түскен.

«Біз де басқалар сияқты кезекте тұрдық, киіп көрдік, 36-размерлі киім алдық. Барлық отбасылар сияқты біз де мектепке дайындықты бастадық», — деп қосты министр.

Рубрика: