Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Барселонаның аңыз ойыншысы Лионель Месси клубпен қоштасу конференциясында көз жасына ерік беріп, беторамалмен көзін сүрткен. Енді 34 жастағы аргентиналық қолданған қағаз орамал сатылымға қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иесі ол үшін миллион доллар сұрап тұр, егер әрине, сатып алушы бұл дәл сол орамал екеніне көзін жеткізе алса. 

Хабарландыру жазылған лот аргентиналық Mercado Libre жарнамалық платформасында пайда болды. Ұсынылған фотосуреттерге қарағанда, Лионель орамалға мұрнын да сүрткен. Сатушы мұрыннан аққан суды көз жастан жоғары бағалайтынын айтып мұның болашақта жұлдызды спортшылардың пайда болуына әсер ететін генетикалық материал деп әзілдеген.

Естеріңізге сала кетейік, Лионель Месси футбол әлеміндегі барлық атақтар мен марапаттарға ие болған испандық «Барселонада» өзінің барлық тамаша мансабын өткізген. Бірақ 2021 жылдың жазында спортшы өзінің туған клубынан кететінін хабарлаған болатын. Енді аргентиналық шабуылшы француздық Пари Сен-Жермен клубында ойынын жалғастырады.  

Рубрика: