АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]»Мені көтерген халық»: Қайрат Нұртас үкіметтен қамалған жандарды босатуды сұрады[:]

[:ru]

Фото: dalanews.kz  Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас елдегі соңғы жаңалықтарға қатысты пікір білдірді. Әнші үкіметтен жанайқайын жеткізіп, қамалған халықты босатуды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сахна майталманы өз пікірін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

«Иә, мен әншімін. Бұл менің бала-шағамды асырап отырған жұмысым. Осы уақытқа дейін ешкімнің жағына шыққан адам емеспін, себебі xалықтың тыныштығы мен үшін ең маңыздысы. Алайда, соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, xалқымның қаны төгілсе, қарап қалмаймын. Өйткені, мені көтерген xалық! Елімде болып жатқан жайттарға жүрегім ауырғаннан, бей-жай қарап, үнсіз отыра алмаймын. Бірақ 1986 жылғы оқиғаның, қазағымның қаны төгілгенін де қаламаймын. Құдай сабыр берсін!

Биліктегілерге xалықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді. ҚР Конституциясына сәйкес, мемлекеттің ең бірінші байлығы ол -халық. Халыққа қарсы шығу ол Аллаға қарсы шығумен тең. Осы орайда, үкіметтен барлық жанайқайын жеткізіп, қамалған бауырларымды, халықты босатуыңызды сұраймын!

Бұл дүниеде барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынында естен шығармағанымыз абзал! Алланың өз есебі бар шығар. Бүлік шыққан мемлекеттердің де оңғанын көрмедім. «Ашу ыза, ақыл дос» демекші, барлығына басқаша қарайық. Құдай қайырын берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!»,- деп жазған әнші.

Айта кетейік, Қазақстанда 9 және 10 маусым күні санкцияланбаған митингтер өтіп, 700- ге жуық адам ұсталды.Ішкі істер министрлігі оқиға орнынан видео жариялады. Сонымен қатар, Алматы полициясы 10 маусымдағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады.

[:]