Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Жігер Ауыпбаев ауруханаға түсті. Әнші жағдайын айтып, көпшіліктен өзі үшін дұға тілеуін сұрады. Желі қолданушылары шипа тілеп, дұға етті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

“Біздің жағдай осындай. Аяқ асты ауырып қалып, осындай күйге тап болдым, мен үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. Бұның бәрі уақытша ғой, өтеді кетеді. Нұр-Сұлтан қаласына келе алмай қаламын ба деп қорыққан едім. Алайда Аллаға шүкір, сіздердің дұғаларыңыздың арқасында жазылып кеттім. Мәуліт түніне үлгердім Аллаға мың да бір шүкір! Аман болыңыздар!”, – деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Әнші бұған дейін аяқ астынан ауырып, сөйлей алмайтын халге түскенін айтты. Мұны қара сиқырмен айналысушылардың ісі деп атады. Әнші дәрігерге қаралып, тиісті ем-дом қабылдағанын жасырмайды, алайда одан еш нәтиже болмапты.

“Осыдан 5-6 күн бұрын сап-сау жүрген едік табанасты бір бәле келіп жабысты да кетті. Мүлдем сөйлей алмай қалдым. Тамақтан бір тікен қадалды да не тамақ өтпейді, не жұтына алмай қалдық», – дейді ол.

Әнші тыңдармандарына өтініш етіп, өзі үшін дұға тілеуді сұрады. Желі қолданушылары шипа тілеп, дұға етті. Енді бірі сын айтты.

“Тезірек сауығып кетіңіз, амандығыңызды тілейміз”, “Аман болыңыз, аға, ауырмаңыз”, “Қай жеріңіз ауырып жатыр?”, “Алла шипасын берсін, сау жүріңіз, амандық болсын”, “Титтей бір жері ауырса елге көрсететіні несі?”, “Елдің бәрі ауырып жатыр, әншілер ғана емес”, “Ер адамға жараспайтын мінез”, – деп жазды олар.

Рубрика: