Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Осыдан бірнеше ай бұрын Сымбат Құрманқұлова өзінен сегіз жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан. Бұл жайт қоғамның қызу талқысына түсті. Ел назарын аудартқан отбасы өз шындығын айтты. 21 жастағы күйеу жігіт өзінен үлкен келіншектің қай қырына ғашық болған? Оның қалталы әйел екені рас па? Келінді қайын жұрты қалай қабылдады?

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Көреміз бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

21 жастағы Қуаныш ерте үйленіп, отағасы атанып отыр. Оның некесіне о баста бәрі қарсы болғанымен, жігіт өз таңдауын жасаған. Бұл әрекетін өзі түсіндіріп берді. 

“Мен Сымбатпен мейрамханада таныстым. Мектеп бітірген соң оқу оқыған жоқпын. Бірден жұмысқа кеттім. Даяшы болдым. Сымбат аспаз болатын. Солай сөйлесіп жүрдік. Бастапқыда Сымбат тәте дейтінмін. Кейін Сымбат дей бастадым. Әпке-іні секілді болдық. Кейін дос секілді болдық. Менің киімдерімді жуып беретін. Маған сіз демей-ақ қой деді. Уақыт өте келе маған ұнай бастады. Ең бірінші болып мен сөз айттым”, –дейді Қуаныш. 

Ал Сымбат 29 жасында өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шығам деп еш ойламадым дейді. 

“Қуаныштың иманды жігіт екенін байқадым. Маған көмектесетін. Ауыр зат көтермеңіз деп жүретін. Солай араласа бастадық. Дос секілді болдық. Бір күні Қуаныш маған гүл әкелетін болды. Сыйлық әкелетін болды. Сөйтіп мені жақсы көретінін айтты. Мен ұзақ ойландым. Оның сезімін балалыққа баладым. Ол үйленейік деді. Мен әкеме айттым. Қуанышты жақсы көретінімді айттым. Әкем рұқсатын берді. Жұмыстағылар да Қуаныш сені шын жақсы көреді деді. Мен сондықтан тұрмыс құруға келістім”, – деді Сымбат. 

Ал Қуаныш үйленерде ата-анасы да, туған-туысы да қарсы болған екен. 

“Ата-анам қарапайым отбасы. Мал шаруашылығымен айналысады. Сымбатқа қарсы болды. Жасы үлкен деп қабылдамады. Кейін рұқсатын берді. Сымбатты көрген соң екеуің жарасасыңдар деп анам риза болды. Қазір бәрі жақсы. Үйленгенімізге үш ай болды”, – деді жас жігіт. 

Қуаныш махаббат сыйластықтан басталады дейді. Сондықтан сезімім суып, әйел қартая бастағанда одан айнып қалам деп қорықпайды. 

“Сымбат мені қылығымен баурап алды. Сондықтан оны қартаяды. маған ұнамай қалады деп ойламаймын. Махаббат ол сыйластықта. Сезім үш жыл ғана өмір сүреді деп ойламаймын”, – деді ол. 

Рубрика: