Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Халықты қымбатшылық қысып келеді. Азаматтардың алатын жалақылары күнделікті азық-түліктен артылмай жатыр. Мұндай кезде қазақстандықтар не істеуі керек? Бұл сұраққа Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін кулуарда жауап берді деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол үшін жұмыс істеу керек. Көп жағдайда естіп жататыным, зауыттар мен кәсіпорындарда 300 мың теңгеге жұмысшылар келмейді дейді. Ондай фактілер бар. Ондай жалақыға жұмыс істегісі келмей, еркін жүріп, нағыз қоғамдық жұмысқа араласқысы келмейтіндер бар. Сондай масылдықтың бары белгілі. Дегенмен менің негізгі кеңесім – жұмыс істеу. Жұмыс істеймін дейтін адамға бәрі бар. Кәсіп ашқысы келсе де барлық мүмкіндік жасалып отыр», – деді ол.

Сондай-ақ министр ең табысы төмен санаттағы азаматтардың жағдайы барынша жасалып отырғанын айтты. Айтуынша, бұл мақсатта бюжеттен қаржы мен инвестициялар құйылып, жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Халықтың тұрмыс-жағдайын бизнес саласына араласып жүрген соң білеміз. Егер жұмыс жоқ деп жата берсек, жұмыс аспаннан түспейді. Ең бастысы, қандай жұмыс болса да ұялмау қажет», – деді Жамаубаев.

Рубрика: