Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ Мәсімовтің ісі Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. Бұл туралы ҰҚК Informburo.kz сайтының сауалына жауап бере отырып хабарлады.

«25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Кәрім Мәсімовке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 3 айға дейін ұзартты», – делінген ведомствоның агенттікке берген жауабында.

Тергеу кезінде анықталған Мәсімовтің мүлкі тәркіленді.  Мүлікті мемлекет кірісіне беру туралы шешімді сот шығарады.

ҰҚК жедел тергеу тобы Мәсімовті және басқа да тұлғаларды ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша тергеп жатқанын хабарлады:

– 366-баптың 4-бөлігі – «Пара алу»;

– 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы – «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану»;

– 175-баптың 1-бөлігі – «Мемлекетке опасыздық жасау»;

– 179-баптың 3-бөлігі – «Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер»;

– 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы – «Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану».

«Адырна» ұлттық порталы

Рубрика: