Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Маңғыстауда жұмысшылардың бір бөлігі газ қымбатшылығына байланысты ереуілге шығатындарын ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз БЖБ қызметкерлері сұйытылған газ бағасының литріне Т120 дейін көтерілуіне байланысты Нұрлан Ноғаев пен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан өсіп кеткен газ бағасын төмендетуді талап етеміз, олай болмаған жағдайда жұмысымызды тоқтатамыз», — дейді жұмысшылар дүйсенбі күні тараған видеода.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтар күні Жаңаөзен тұрғындары жаппай көшеге шығып, сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен болатын. Бұл наразылыққа жергілікті билік бағаның көтерілуіне «нарық жағдайына» байланысты бірқатар себептер бар екенін айтқанымен, бұл жауап жергілікті тұрғындарға ұнамады.

3 қаңтарға қараған түні Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаға қатысты үкіметке тапсырма берді.

Биліктің талабына қарамастан, көгілдір отынның қымбаттауына наразылар қараңғы түссе де сыртта тұрып, көшелерді жауып тастады. Азаматтар бағаның көтерілуі басқа да тауарлардың, соның ішінде азық-түліктің қымбаттауына себеп болады деп есептейді.

Рубрика: