Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Маңғыстау облыстық сотында оғаш азаматтық іс қаралды. Ажырасқан ер адам қайын жұртынан өзі берген қалыңмалын қайтаруды талап етіп, арыз түсірген, деп жазады exk.kz  ға сілтеме жасаған  kznews.kz/

Маңғыстаулық азамат шағымында қайын жұртынан қалыңмал ретінде берген 1 615 000 теңге көлеміндегі қаражатты, гауһар тасты алтын әшекейлер мен екі кілемін қайтаруды талап еткен.

Арызданушы ер адам жауапкер тарапынан өзіне мүліктік зиян келтіргені жөнінде сотқа дәлел келтіре алмаған.

Оның үстіне қалыңмал беру – халық дәстүрі, мұндай жағдайда сыйға берілген заттарды қайтаруды талап ету қазіргі заңнамада қарастырылмаған.

Яғни екі тарап арасында қандай да бір заңды міндеттемелер жоқ. Жоғарыда аталған жайттарға сай, бірінші инстанция соты ер адамның шағымын қанағаттандырмаған.

Алайда бұл шешім арыз берушінің ойлағанындай болмай шыққандықтан, ол аппеляцияға қайта шағымданған.

Сот алқасы да арызданушы азаматтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Рубрика: