Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі шаруа қожалықтарының бірінің аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келеңсіз жағдай 21 шілде күні сағат 20.20-да Жаңақорған ауданының Нәлібаев ауылында орын алған. Ведомство мәліметінше, «Бақытжан» шаруа қожалығының аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кеткен.

Тілсіз жау сағат 23:30-да ауыздықталып, 00:30-да сөндірілді. Өртті сөндіруге Жаңақорған ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің 3 қызметкері және бір техника, Жаңақорған ауданы Орман және жануарлар дүниесін қорғау КММ-нің 18 қызметкері және бір техника, ерікті өрт сөндіру құрылымының 4 қызметкері және бір техника, сондай-ақ 3 бірлік техникасы бар шаруа қожалығының 30 жұмысшысы қатысқан. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Қызылорда облысы құрғақшылықтан зардап шегуде, соның салдарынан аталған аймақтарда мал қырылуда. Шілде айының басындағы мәліметтер бойынша, аштықтан 1,5 мыңға жуық мал өлген.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: