Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Композитор Арман Дүйсенов сахнада болған қызықты сәтпен бөлісті. Ол сахнада Мақпал Жүнісоваға жақындай бергенде елдің алдында құлап қалған видеосын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады деп жазды turkystan.kz.

«Тайғанап саxнада мұзға айналған,

Мәз болды көрермен жұрт бізді айналған.

Жігіттің құламауы мүмкін емес,

Мақпалды көрген кезде қыздай болған…», – деген жазба қалдырылған видеодан халық әртісі Мақпал Жүнісованың композитордың залда отырғанын көріп, сахнаға шақырғанын көруге болады.

«Арман залда отырған соң әдейі шақырып жатырмын. Дайындықсыз қалай ойнайтынын көрейін деп едім. Өзім де дайындықсыз. Ұшақтан түсе салысымен осында келдім», – деп түсіндірді Мақпал Жүнісова.

Осы аралықта әншіге келмек болған композитор сахнада тайып құлады. Кейін ол музыканттардың бірінің орнына барып, синтезаторда ойнады.

«Мені көрген жігіттердің бәрі осылай құлап түседі. Содан кейін де жігіттер онша жақындай қоймайды. Өйткені арты не болатынын біледі», – деп елді ду күлдірді Халық әртісі.

 

Рубрика: