Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ҚР Халық артисі, әнші Мақпал Жүнісова Қырғызстанның мәдениет және өнер университетінің «Құрметті профессоры» атағына ие болды. Қуанышты жаңалығымен әнші әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл күндері Қырғызстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр. Осы шара аясында Мақпал Жүнісова Қырғыз Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің «Құрметті профессоры» атағына ие болды. Желі қолданушылары әншіні профессор атануымен жарыса құттықтады.

instagram.com / zhunusova.makpal
instagram.com / zhunusova.makpal

Профессор атағыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз бағалана берсін!

—деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Сондай-ақ профессор атағын танымал опера әншісі Майра Мұхаммедқызы да алды. Ол Қырғыз ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры» атанды. Қырғызстанда өткен шарада Роза Рымбаева, МузАРТ тобы, Жұбаныш Жексенұлы ән салды.

 

Рубрика: