Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сәкен Майғазиев сауапты іс жасады. Ол оқу ақысын төлей алмай, университеттен шығып қалған әнші жігітке қол ұшын берді. «Қазақстан дауысы» жобасының қатысушысы Аян Байжігіт келесі жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне қайта оралатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тараздық Аян Байжігіт тәлімгер Alem-нің тобында өнер көрсетуде. Өткен сенбіде жобаның «Жарға жығу» кезеңінде Аян Ninety one тобының Mooz әнін шырқап, тәлімгерлер мен барша тыңдарман қауымды таңғалдырды. Жобаға алғаш келген сәтте Аян оқу ақысын төлей алмай, университтен шығып қалғанын, оқуға қайта оралғысы келетінін айтқан еді. 

Ол «Қазақстан дауысы» жобасына қатыссам, университет басшылары байқап, қайта шақырады” деп үміттенген. Оның бұл үмітін Сәкен Майғазиев жақты. 

 

«Басшылыққа хабарласып, қандай емтихандарда мүмкіндігің болмады, қанша ақша төлей алмадың, соны мойныма алып төлеп, келесі жылы сені қайта оқуға қабылдауға мүмкіндік алдым. Алла нәсіп етсе, келесі жылдан сені өнер академиясына қайта қабылдайды», – деп қуанышты хабарды жеткізді Майғазиев жоба барысында. 

«Музарттық» серінің бұл шешеміне Аянмен бірге оның тыңдармандары қатты қуанып, Сәкенге ризашылығын білдірді. 

 

Рубрика: