Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады. Ол сауалда ауылдағы жастар мәселесін көтеріп, қабырғасынан қойды. Сауал өткір болып, Үкімет абдырап қалды деп хабарлайды Oinet.kz.

«Жаңа Қазақстанды» құрамыз десек, ең алдымен ауыл жастарының маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қарапайым және түсінікті қолдау құралдарын әзірлеп, шүғыл түрде кешенді бағдарлама қабылдау қажет. Қала және ауыл жастары арасындағы теңсіздікті жою үшін келесі ұсыныстарды жеткіздік:

Біріншіден. Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын қаржыландыру қалалармен шектелмеуі тиіс. Даму перспективасы бар ауылдар мен аудандарда тиімді, жан-жақты ойластырылған шешіммен тұрғын үй беру, несиелендіру бағдарламасын әзірлеу қажет. Әсіресе, бұл үлкен қалалардың қасында шоғырланған елді-мекенде тұратын жастар үшін ұтымды болмақ.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Madi AKHMET (@madi_akhmet)

Екіншіден. Ауылдық жерде жеке кәсіппен, шаруашылықпен айналысамын деген жастарға төмендетілген пайызбен шағын несие, жеңілдетілген субсидия беруді қарастырып, үш жыл көлемінде салықтан босату қажет. Сондай-ақ, ауыл квотасы бойынша мемлекеттік грант есебінен білім алған жастарға қолына диплом алғаннан кейін өз ауылынан, ауданынан мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігін ойластырған жөн.

Үшіншіден. Ауыл жастарының әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына, спортпен шұғылдануына, қосымша білім алуына инфрақұрылымдық жағдай жасап, ақпараттық-түсіндірме жұмысты күшейту керек», — деді Мәди Ахметов. 

www.oinet.kz

Рубрика: