Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Голливуд актрисасы Анджелина Джоли Украинаның Львов қаласына келген. Қалада жүргенде актриса әуе шабуылы туралы ескертуге тап болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Страна басылымына сілтеме жасап.

Америкалық киножұлдыз вокзалда босқындармен сөйлесіп тұрған кезде дабылдың дыбысы естілген.

Оның айналасында көптеген ерікті болды, олар Джолиге қайда жасырыну керектігін айтқан. Актрисадан “дабылдан қорқып тұрсыз ба” деп сұрағанда, Джоли бәрі жақсы екенін айтып жауап береді.

Жолда жүгіріп келе жатқанда ерлердің бірі онымен селфи жасамақ болған.

Еске салсақ, бұған дейін Анджелина Джоли Львов кофеханаларының біріне кірген. Актриса Украинаға БҰҰ-ның арнайы өкілі ретінде келген.

Львовтағы вокзалда Джоли еріктілер мен босқындармен кездесті.

 

 

Рубрика: