АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Лукашенко қажет болған жағдайда Украинаға әскер жіберетінін мәлімдеді[:]

[:kz]

Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайды, бірақ қажет болған жағдайда жіберілуі мүмкін. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко әскерилермен өткен жедел кеңесте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпара РИА Новостиге сілтеме жасап

«Біз бұл қақтығысқа қатысамыз әлде қатыспаймыз деп қазірше жауап бере алмаймын. Дәл қазіргі сәтте біздің әскер ол қақтығыста жоқ. Бірақ алдағы уақытта Беларусь пен Ресейге қажет болса, барады, қақтығысқа қатысады», – деді ол.

Александр Лукашенко Украина бұл соғысты өзі тілеп алғанын, себебі оның алдын алу үшін ештеңе жасамағанын мәлімдеді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан жасырылған барлық дерек олардың бұл қақтығысты қалағанын айғақтайды. Себебі оны болдыртпау үшін ешнәрсе істемеді. Олар үнемі шиеленіскен нәрсені одан ары шиеленістіре түсті. Тіпті бұл республикалар тәуелсіздігін мойындағаннан кейін де болып отыр», – деп Лукашенконың сөзін Белта агенттігі келтірді.

Беларусь президенті сондай-ақ Украина жеңілген тарап ретінде Ресейдің талаптарын орындау керек деген пікір білдірді.

«Иә, талаптар Украинаға қатысты қатал болады. Егер жеңіліп қалса, не болады? Әрине, жеңімпаз өз талабын айтады. Бұл жағдайда Украина үшін бір талапты орындау, жеңілгенінен әлдеқайда жақсы болады», –  деп келтірді Беларусь президентінің сөзін Sputnik Беларусь агенттігі. 

Еске сала кетсек, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. 

Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгендерін айтты. 

[:]