Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ләйлә Сұлтанқызы өзіне көңіл бөлмейтін әйел психологиясы жайлы жазба жариялады. Тележүргізуші өзін соңғы орынға қоятын қазақ әйелдеріне риза емес. Бұл өзін құрметтемеудің белгісі деген пікірде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тележүргізуші қазақ әйелдерінің баласы мен жолдасы қала берді туысы мен қайын жұртының қамын ойлап қана өмір сүретініне наразы. Сұлтанқызы өзін соңғы орынға қойып, өзінің көңіл күйі үшін ешнәрсе жасамайтындарға кеңесін айтты.  

 

“Біз, әйелдер, өзіміздің көп нәрсеге тәуелділігіміз туралы білсек те, білмеген сыңай танытып көз жұмамыз. Оны “қорқыныш” дейміз бе әлде “өзіңді бағаламау” дейміз бе білмеймін. 

Ылғи жағдайға ыңғайлануға тырысамыз. Ортаға, сөзге, күйеуге, жағдайға, туысқа қатты алаңдап, өзімізді соңғы орынға қарай ысыра береміз. Балам жесін, күйеуім кисін, ал өзімізге келгенде “кейін”. Ол “кейіннің” кезегі қашан келетіні белгісіз…🤷‍♀️

Әдемі киімді өзімізден бұрын баламызға әпереміз, жайлы орынға күйеуімізді жайғастырамыз, әдемі мен дәмдінің барлығын қонаққа сақтаймыз, өзімізден аяған қымбат пен әдеміні қайын жұртқа сыйлаймыз…🙎🏽‍♀️

Сонда өз кезегіміз қашан келеді? Қашан өзіміз үшін өмір сүреміз?🤐
Сен өзіңді кейінге ысырсаң, уақыт өте айналаңдағыларда кейінге ысыратын болады. Сондықтан өзіңіз үшін өмір сүруді дәл қазір бастаңыз, ештеңе аямаңыз. Осы оймен қосыласыздар ма?”, – деп жазды Ләйлі Сұлтанқызы. 

Желі қолданушылар оның өзін толығымен қостай жөнелді. Енді бірі әйел табиғатының ерекшеліктерін айтып жатыр. 


“Әрбір әйел Ана ғой! Ал ананың жүрегі шексіз мейірімге толы болады екен, оны да өзіміз ана болғанда сезіндік. Сөйтіп, балама, жарыма, жақындарыма деп жүргенде өзін ұмытып кетіп жатады. Бірақ айналаңда сені ойлап жатқан ешкім жоқ, бірақ адам бар, ол тағы да озіңнің анаң ғана. Сөйтіп, жалғасып аналар өзін ұмытып кетіп жатады.  Ана туралы жазып кеттім бе? Бірақ шын ғой”.

“Толықтай келісемін. Дұрыс айтасыз. Менің өзім сондаймын. Қазір ғана сіздің постыңызды оқып отырып ойланып қалдым. Бар жақсыны басқаларға деймін. Ал, өзім ше🤔😔солай уақытта өтіп жатыр екен. Кезегім қашан келеді деп те ойламайды екенмін.  Өйткені солай қалыптасып кеттім. Өзімді бағаламаймын. Сондықтан осы жүдеу қалыпта жүр екенмін”.

“Отасқанымызға 26 жыл болғанда жолдасым айтатын болып келеді “өзіңе де алып алсай, сенікі тозайын депті” деп. Бұл да болса еңбектің қайтқаны”, “Қазақ әйеліне тән қасиет қой”, “Адамға өмір бір рет ғана беріледі. Сол өмірді барынша пайдалы, сапалы, адал еңбекпен табылған несібеңе неге пайдаланбасқа деп өзім талап қойдым. Сосын осы күзгі демалыста курортқа кеттім”, – деп жазды желідегі қыз-келіншектер. 

 

Рубрика: