АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жыртыла бермеші!»: жас көрінетінін айтып мақтанған Байырбекова тыңдарманынан сөз естіді[:]

[:kz]

Байырбекова Қарақат Әбілдинаның жазбасының астына «Иә, өмірде жап-жас көрінетінімізге таң қалатындар көп» деп пікір қалдырған.

Эстрада әншісі Жазира Байырбекова өнер адамдарының жас әрі сұлу көрінетінін айтып, тыңдармандарының бірінен сөз естіп қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Байырбекова Қарақат Әбілдинаның жазбасының астына «Иә, өмірде жап-жас көрінетінімізге таң қалатындар көп» деп пікір қалдырған. Дәл осы сөздің астына @sattardinara3 есімді желі қолданушысы былай деп жауап жазған:

«Енді ақшаны қырып жатсыңдар ғой тойға шығып. Ең қымбат косметика, процедурадан шықпайсыңдар. Сендер жас көрінбегенде өмірде косметологқа бармаған біз жас көрінеміз бе? Біз де үстімізде бар жақсыны жабыстырсақ сендерден де жас, әдемі көрінеміз. Сондықтан жыртыла бермеңдерші. Білеміз ақшаларың көп». 

Өнер иесі «әумин, көп болсын. Айтқаныңыз келсін» деп сүйген смайлик қалдырған.

[:]