Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде әзіл ретінде түсірілген видеосымен бөлісіп, қалың көпшілікті күлкіге қарық қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген әншілік пен блогерлікпен қатар енді “Тик-Ток” желісін жаулауға кіріскен. Өнер иесі Instagram парақшасында күлкілі видео жариялап, желідегі оқырмандарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бейнежазбада әншінің толық арудың кейпінде билеп тұрғанын көруге болады.

“Жынды болсаң осы. Тик-ток не істетпейді. Күйеубала екеуіміз қалай түсіргенін білгіңіз келсе, сторисқа кіріңіздер” , – деген жазба қалдырды Айқын видео астында. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Аталмыш бейнеролик қалың көпшілікті күлкіге қарық қылып, санаулы уақытта мыңдаған қаралымға ие болды. Желі қолданушылары әншінің әзіл ретінде түсірілген видеосына тәнті болып, оған қатысты өз ойымен бөлісуде. 

“Қайта-қайта қарай бергің келеді” , “Күлкімді тоқтата алмай отырмын” , “Қатырасыз, шығармайтындарыңыз жоқ” , “Қандай күлкілі, маған керемет көңіл күй сыйладыңыз” , “Карантин не істетпейді” , “Әншілік пен блогерлікті қойып, енді тиктокер болып кетпеңіз” , “Басқаларға қарағанжа, сіздердікі ұйқасып шыққан” , “Айқын әрайым жаңашылдыққа жақын жүреді” , “30 рет көрген шығармын” , “Ұят секілді” , “Не дегенмен әнші деген атыңыз бар. Сіз үшін ерсілеу сияқты” , “Осы қалып еді енді көрмеген” , – деп жазуда желі қолданушылары.

Автор: Малика Хадид

kaz.nur.kz

Рубрика: