АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жыл келбеті»: автобус терезесіне бетпен жабысып қалған түркістандық оқушы әлі де «хит» болып тұр[:]

[:kz]

«Жыл келбеті» оқитын мектептің мұғалімі Әсел Бимурзаева: «Осы баланың арқасында 6-маршрутқа жаңа автобус беріледі деген үлкен үміт бар», — дейді.

Шымкент қаласының тұрғыны, ақын Дәурен Айманбет facebook парақшасына автобустың терезесіне бетпен жабысып тұрған түркістандық оқушының суретін жариялады. «Түркістандағы 6-маршрут жолаушысы – «Жыл келбеті» номинациясында. Балақайдың есімі Ерсін екен», — дейді ол, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Толықтыра кетсек, әр жылды қорытындыларда «Жыл плагиаты», «Жыл көйлегі» және «Жыл қайраты» сынды ерекше номинациялармен марапаттайтын «Қызық премия» 2019 жылдың да өз үздіктерін анықтаған болатын.

Бұл жолы онда тек әртістер ғана емес, ғаламтор арқылы танылған қарапайым азаматтар да ескерілген. Міне, Түркістандағы №6 автобуста көптің арасында қысылып қалған Ерсін есімді балақай – сол айрықша көзге түскендер қатарында.

Дәурен Айманбеттің жазбасына Әділбек Нұрымбет есімді желі қолданушы: «Енді ертең бәрі беттерін жабыстырып тұрады деші», — десе, сондай-ақ, Зейнеп Базарбайқызы: «Бұлай номинация беретіндерін білгенде біз де селфилететін едік кой!», — деп қалжыңдады.

Ал сол «Жыл келбеті» оқитын мектептің мұғалімі Әсел Бимурзаева: «Осы баланың арқасында 6-маршрутқа жаңа автобус беріледі деген үлкен үміт бар», — дейді.

Елордалық әріптесіміз Армангүл Тоқтамұрат болса, «Маған ұнады премиялары. Көптің қолдауына ие болған, қарапайым адамдардың арасынан шыққан кейіпкерлерге кұрмет-қошемет көрсетті», — деп сүйсініп отыр.

[:]