АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Журналист аузынан Алланы тастамайтын опасыз әртістің бақытсыз әйелі туралы айтты[:]

[:kz]

Анель: Ол кісілердің желідегі парақшасына қарап нағыз махаббат, нағыз бақыт осы шығар деп қаласыз.

Қазақстандық журналист  Анель Әлиасқар бүкіл Қазақстан халқы танитын әртістің шын бейнесі жайлы айтып, жұртты қайран қалдырды. Оның сөзінше әртістер желіде, халық алдында тым бақытты көрінуге тырысқанымен өмірде мүлде басқа.

Тіпті олардың біразы халық алдында Жаратушы жайлы жиі айтып, бір-біріне өлердей ғашық болып көрінеді. Негізінде өмірде бір-біріне әрең төзіп жүрген болулары мүмкін.

«Мен жұлдыздардың арасында жүргеннен кейін көп шынайы оқиғаларды білемін. Соның біреуін айтып берейін.
Бір әртіс бар, өте танымал. Сіз оны танисыз. Сырт көзбен қарағанда, ол отбасының берекесі асып тасып жатқан сияқты. Өзі — бәріне үлгі, Аллаһты аузынан тастамайды. Құрметтеуге келеді… әңгімелерін тыңдасаң. Камера қосылса, бір адам… өшсе, басқа…
Оның әйелі бар. Сұлу. Нәзік.
Бірақ ол құрбысының үйіне қонаққа барады. Шай ішіп, әңгіме айту үшін емес. Жеңілдеу үшін.

 
 

Жер үйдің екінші қабатындағы түпкі бөлмесіне барып, шыңғырып жылайды, айғайлап, өксіп жылайды, дауысы біткенше… Оны есту мүмкін емес, жаның түршігеді. Ешкімнің басына бермесін.
Жан айқайының себебі неде деп ойлайсыздар? Күйеуінің екіжүзділігінде. Халық алдында «Ел ағасы» болса, шынайы өмірде сатқын, опасыз, көзге шөп салады.

Айтайын дегенім, әдемі суреттер мен ертегі секілді жазылған посттарға сене бермеңіздер. Әлде сене берген дұрыс па?! Көңіліңіз қалмайды. Қалай ойлайсыз?»,- деп жазды тележүргізуші.

Көпшілік ол әртістің кім екенін өздерінше болжап көрді.

[:]