01 апреля, 2019 Comments Off on Журналист Әбдіжаппарды сынағандар жайлы: Хайп қуалап жүргендер оның еліне деген құрметінен садаға кетсін

Журналист Әбдіжаппарды сынағандар жайлы: Хайп қуалап жүргендер оның еліне деген құрметінен садаға кетсін

Әнші Әбдіжаппар өз руына қатысты айтқан ойы үшін көпшіліктің сынына іліккен еді. Қазақ журналисі Ирина Советжанқызы әншіге қатысты айтылып жатқан сынға жауап берді.

"Мен,"Өнер мен өмір" бағдарламасының жауапты редакторы Ирина Советжанқызымын. Әбдіжаппарға қатысты алыпқашпа әңгімелерге қатысты өз пікірімді айтуым керек деп шештім: Журналист бір сұрақтың жауабын алу үшін, бірнеше сауал қояды. Сауалды түрлендіре отырып, сұxбат берушінің өзіңе қажетті жауабын суыртпақтап шығарасың. Әбдіжаппарға "Қожалар қожадан ғана қыз алады деп жатады. Сіздерде қалай?" деген сұрақ, әнші өзінің отбасы туралы айтып қалар деген дәмемен қойылған сауал еді. Бірақ біз күткендей болмады. Әбдіжаппар өзіне үнемі «өзбексің бе?» дейтіндер үшін де жауабым болсын деп, қожалардың тарихын түсіндіргісі келген еді.  Қан араласты дегенді қазақ «қан бұзылды» деп те айтады. Ол солай айтты да. Біз де солай қабылдадық. Әлдекімдер секілді тырнақ астынан кір іздеп, тыдамадық.

Бұл бағдарлама ютубқа жүктелмеген де болатын. Теледидардан көшіріп алып, оның дәл дау тудыратын тұсын қиып алып, таратқандардың не көксегенін білмейміз. Біз тек сол дауға біздің бағдарлама себепші болып қалғаны үшін ыңғайсызданып отырмыз. Әбдіжаппар жаңадан шыққан үш сағаттық бағдарламаның алғашқы кейіпкері ретінде бекер таңдалып алынған жоқ. Ол жастардың сүйікті әншісі. Әнін тыңдап қойғанымызбен, әңгімесін тыңдай бермейміз ғой әдетте.  Бұрын соңды берген сұхбаттарын оқып, зерттеп зерделей келе, ұлтын, қазағын ерекше құрметтейтінін, елі десе еңіреп кетер патриот екенін байқадық.

Жастарға оның ұлтына деген құрметі, ұстанымы үлгі болсын дедік. Жас болса да, сөзі, жөні түзу екенін бізден бұрын берген сұхбаттарынан да байқауға болады. Немесе «Өнер мен өмірдің» Әбдіжаппарға қатысты толық нұсқасын көргенде көзіңіз жетер еді.

Тірі дауыста айтылған әдемі әндері әдемі әңгімемен өрілген жақсы бағдарлама шықты. Өздеріне қажетті тұсын қиып алып, хайп қуалап жүргендер оның еліне деген құрметінен садаға кетсін! Әбдіжаппардың бүтін ұлт түгілі, үлкендерді қалай құрметтеп, елпілдеп кететінін білмейтіндер, әңгімені сан саққа жүгіртіп жатыр. Жас әнші болғандықтан да әңгіме ауанын ауырлатпай, әдемі әзілмен өрілген әңгіме жасауға тырысқанбыз.

Қаршадай баланы етегінен тартып, «қазаққа қарсы «деп айдап салып жатқандар ұлтына тиісіп Анядан да арандатушы жасап жатыр. Оның сыртында көзімз ашық, көкірегіміз ояу бәленбай қазақ отырмыз. Әбдіжаппар қазір әркім сан саққа жүгіртіп жатқандай оймен айтқанда ол әңгімесі түгілі бүкіл сұхбаты эфирге шықпайтын еді", - деп жазды Ирина Советжанқызы.

Бұған желі қолданушыларының бірі дұрыс көзқарасын білдірді, енді бірі келіспейтінін айтып жатыр. 

"Роза әпкемізді де, Әбдіжаппарды да сыйлаймын. Әндерін тыңдаймын. Жеке өзімде ешқандай реніш жоқ. Керісінше нағыз патриот әншілер ғой. Мен ризамын!", "Мен өз басым Әбдіжаппарды олай жаман жағынан қабылдамаппын", деді желі оқырмандары. 

"Журналистте ешқандай да кінә жоқ. Әбдіжаппар серіміздің сөзді дұрыс қолдана алмағанынан дау шығып тұр. Сендер, не құдайсыңдар ма?! Сендер де пендесіңдер. Қателесесіңдер. Шалыс басасыңдар. Ел алдында жүрген соң көзге түсесіңдер. Ел аузында жүресіңдер.

Ал, журналисттер елдің көкірегінде жүрген сұрақтарға жауап іздейді. Өйткені, нандары. Өзгеге күйе жаққанша, елден кешірім сұрауға тырысып бағыңдар. Әйтпесе, халықтың сүйіктісі болған шақтарың оралмайды. Журналиске пәле жауып, қалың бұқараны алдаймын деп ойламаңдар.

Халық ақымақ емес. Ақ-қараны өздері ажыратып алады. Аллаға шүкір! Әрбір қазақ-данышпан", деп пікір азды жас ақын Самрат Құскенов.

 Stan.kz 

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.