Еліміздің әр өңіріндегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қарапайым тұрғындар әскерилерге барынша көмек көрсетуге тырысқанын әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Сондай көріністердің бірі Instagram желісіндегі пабликтерде таралды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Желіде таралған видеода жаяу жүргіншілер бұзақылардан жасырынбақ болған әскериге өз киімін шешіп беріп, көмек қолын созуда. Олар тротуарда әскери қызметкерді қоршап алып, оның киімін шешуге көмек берген. Болжам бойынша, видео Алматы қаласындағы тәртіпсіздік кезінде түсірілген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Алайда роликтің қай жерде түсірілгені нақты көрсетілмеген. Желі қолданушылары аталған видеодағы көрініске сүйсініп, қиын-қыстау күндерде әскерилерге көмек берген халыққа риза болысты. “Жүрегім езіліп кетті”, “Алматылықтар керемет. Мен 18 жыл Ресейде тұрсам да, өзімді алматылықпын деп санаймын”, “Көзіме жас келді. Керемет көрініс”, “Жақсы адамдар көп қой, Өзім де офицердің жұбайымын. Жүрегім ауырды, аман болыңыздар”, – деп жазды олар. 

 

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: