26 июня, 2020 Comments Off on Жұматова эпидемия қашан аяқталатынын болжады (видео)

Жұматова эпидемия қашан аяқталатынын болжады (видео)

Отандық танымал экстрасенс Бақыт Жұматова Қазақстанда коронавирус эпидемиясы қашан аяқталатынын айтты. Оның болжамынша, елімізде қауіпті індеттің тарауы тамыз айының соңына дейін тоқтауы керек деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Бұл болжамын Бақыт Жұматова "Еуразия бірінші" арнасындағы "Basty Prime" бағдарламасында жария етті. Көріпкел республикамызда коронавирус инфекциясының ел арасында таралуы қашан аяқталатынын сұраған тележүргізушіге жауап берді. "Менің ойымша, коронавирус 28-тамызға дейін өз соңына жетеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сіз сенесіз бе?😳

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)

 

Ары қарай еш мән-мағынасы жоқ. Кім қалай және не деп жазса да, соңы бір" , - деп қысқа қайырды ол. Желі қолданушылары экстрасенстің болжамына қатысты екі түрлі пікі білдірді. Бірі оның пайымына сенімсіздік танытып жатса, енді бірін бұл жаңалық аса қатты қуантқан сыңайлы. Қалыпты өмірді қатты сағынған көпшілік еліміздің бұл ауыр сынақтан аман-есен шығуын жаппай тілеуде.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 19 мың адамнан асып кетті. Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 520 дерегі тіркелді. Республика бойынша қауіпті індеттен 136 адам көз жұмды. Марқұмдарды жерлеу де қатаң санитарлық нормалардың сақтануы аясында жүзеге асырылады.

https://kaz.nur.kz/1862056-tamyzda-bri-bitedi-zmatova-epidemia-kasan-aaktalatynyn-bolzady-video.html


Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb