Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнінде өзіне ерекше сыйлық жасады. Қайрат Нұртастың жары 33 жасқа толуына орай, үлкен зәулім үй сатып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қуанышты жаңалықпен Жұлдыз Әбдікәрімова бірден Instagram желісінде бөліскен.

Ол парақшасында арнайы видео жариялап, қалың көпшілікке үйді сатып алып жатқан сәтін көрсеткен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Видеодан жұлдықды жұптың қос ұлынын Нарұл мен Ханды да көруге болады. Олар аналарын құшақтап, алғашқылардың бірі болып оны құттықтайды. “Аллаға шүкір. Қатты қуанып тұрмын. Құттықтаулар мен көрімдіктеріңізді дайындаңыздар. Көп ойланбай, үй алдық! Туған күніме үлкен сый болды. Сіздерге де жұғысты болсын. “Әумин” деп қойыңыздар. Алдағы уақытта жерін-ремонтын бәрін көрсетіп, бөлісетін боламын” , – деп жазды ол. 

Жұлдыз Әбдікәрімова бөліскен бейнежазбаға сәйкес, ол пәтер емес, екі қабатты жер үйді таңдаған көрінеді. Айта кетейік бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі пәтерде балаларына тар бола бастағандықтан, үй іздеп жатқанын хабарлаған болатын. Желі қолданушылары 33 жасында осындай жетістікке жеткен жұлдызды әулеттің келінін шын жүректен құттықтап, оған өз ақ тілектерін жаудырды.

kaz.nur.kz

Рубрика: