АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жүйке сыр бере берсе бір-бірімізді қырып тастайтын сияқтымыз ғой[:]

[:kz]

 

 

Таяуда Талдықорғанда қайғылы оқиға болды. Алматы облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығын өз орынбасары атып өлтірді. Екеуі бұл лауазымға отырмай тұрып, бұрын да бірге қызмет еткен, тіпті, дос та болған секілді. Министр С.Жасұзақов «әскерге шақыру науқаны, жұмыс көп. Жүйкеге салмақ түскен кез. Кім білсін, басшысы тым ауыр талап қойды ма, жағдай осылай болды. Оны тиісті, құзырлы органдар тексеріп анықтай жатар» депті. 

Қорғаныс министрі түсіністікпен қарауға тырысыпты. Оның сөзіне қарасақ, жұмыс ауыр болып, жүйке сыр бере берсе, онда біз бір-бірімізді қырып тастайтын сияқтымыз ғой. Әттең, бәрімізде бірдей қару жоқ. Қаруы барлар да аз емес, бірақ. Сондықтан жүйкесі тез сыр беретіндерді тексеріп, қарумен жұмыс істейтін мұндай орындардан аластау керек шығар. Әйтпесе, ондайларды ақтап алатын секілдіміз.

 

Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]