26 февраля, 2020 Comments Off on «Жігіттер… Сабыр қылыңдар, жігіттер!»: Түркістан облысында салт аттылар жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

«Жігіттер… Сабыр қылыңдар, жігіттер!»: Түркістан облысында салт аттылар жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

Топқа түскен азаматтар әлдебір шарттың өзгеруіне келіспейтін сыңайлы. Ат үстіндегі біреуі атойлап келіп, ұйымдастырушылардың бірін балағаттап, қамшымен сабай бастады.

Қазір WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы бір топ салт атты жігіттің жаппай төбелескен видеосы тарап жатыр. Оқиға Түркістан облысының Бәйдібек ауданына қарасты Ақтас ауылында болған көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан аймақта бір ұлан-асыр той болғаны байқалады. Дауыс ұлғайтқыштан ат спортын (бәйге немесе көкпар) ұйымдастырушылар тарапынан біреу: «Қайтуы жабылмайды, жігіттер! Қайтуы жабылмайды! Баруы да, қайтуы да есептелмейді деп жатыр...» - десе, онымен қабаттаса екіншісі: «Сөзден жығылмай, мына той өте тамаша өтті, Құдай қаласа!..» - деп айқайлады.

Ал топқа түскен азаматтар әлдебір шарттың өзгеруіне келіспейтін сыңайлы. Ат үстіндегі біреуі атойлап келіп, ұйымдастырушылардың бірін балағаттап, қамшымен сабай бастады. «Жігіттер... Сабыр қылыңдар, жігіттер!» - деген тоқтамға келмей, бәсекелес екі тараптың аттылысы да, жаяуы да бір-біріне қамшы сілтеп, жұдырық жұмсай жөнелген.

«Ей, Бақытжан! Жеңіс! Қойсаңдаршы, болды ғой!» - дейді әлгі дауыс. Алайда, қандары қызған топ оны тыңдамай, әйтеуір, басқа-көзге төпелесіп жатыр.

Оқиға бүгін болып жатқандықтан, жергілікті полиция өкілдері әзірге бұл туралы ресми ақпарат берген жоқ.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.