09 января, 2019 Нет комментариев

Жігіт 500 мың теңгеге ақшасы бар әмиянды иесіне қайтарып елдің сүйіспеншілігіне бөленді

Истаграм желісіндегі Qazaqstanda парақшасында ішінде 476 мың теңге қаражаты бар әмиянды иесіне қайтарған жігіттің видеосы тарап кетті. Ер азаматтың бұл әрекеті жұрттың сүйіспеншілігін тудырған деп жазады NUR.KZ.Есімі белгісіз жігіт әмиянды тауып алып, ішіндегі қаражатын санап көрген. Алайда ақшаның иесіне қатысты ешқандай мәлімет болмаған. Әмиян ішінде тек бір карточка жатқан. Ол осы арқылы 476 мыңның иесін тауып, қаражатты қайтарған.

Жас жігіттің бұл әрекетін көрген көпшілік оған алғыс айтып, ақ батасын берген.

“Жарайсың”, “Сен сияқты адамдар өте аз қазір”, “Өзің алсаң да ешкім білмей қалатын еді. Ниетің адал азамат екенсің”, “Осындай ер жігіттеріміз көбейе берсін”.

“Ақшасын қайтарғанның өзіне осынша қуанып тұрсың. Өзіңе осыдан екі есе болып оралсын”, “Бақытты бол”, “Әрдайым жолың ақ болсын”, “Ниетің адал жігіт екенсің. Адамның бәрі сендей болса ғой” деп жарыса жазды.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

kznews.kz

 

 
Загрузка...

Добавить комментарий

You must be logged in to post a comment.