АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жетісайлық 3 жасөсіпірім әкелеріне барғылары келетінін айтты[:]

[:kz]

Үй қамақта отырған жетісайлық өгей анаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Оның бір жарым жасар сәбиі «Мамандандырылған бөбектер үйіне» орналастырылды.

Ал ағымдағы жылдың 11-сәуірінен бастап, емделіп жатқан апалы-сіңлілі үш жасөспірім ем-домдарын аяқтап, ауруханадан шықты. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылған. Мекеме басшылығының айтуынша, мұнда олардың рухани тынығып және жүйкелерінің саулығы үшін білікті психологтар да жұмылдырылған. Жеткіншектер орталықта 3 айдай болады. Алдағы уақытта 3 қыз өздерінің кімнің қарауында қалатынын тиісті сот отырысында өздері шешеді.

Назгүл Құрманалиева

Назгүл Құрманалиева, «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ директорының орынбасары: «Қыздар әкесін көп сұрайды, енді жақсы көргеннен кейін шығар, көбінесе әкесін сұрап, әкесіне барғылары келетіндері туралы айтты. Қазіргі таңда жасөспірімдердің жағдайлары жақсы, оқу-тәрбие процестерімен жұмыс жүргізілуде. Психологтың тереңдетілген жұмысы, диагностикалық-коррекциялық жұмыс та қолға алынды. Медициналық алғашқы тексеруден өткізілді. Денсаулықтары жақсы. Тамаққа деген тәбеттері де өте жақсы. Алғаш келгенде үйренісе алмай, ортаны жатырқап, қатты ашуланып жүргендерін жасырмаймын. Ал кешеден бастап тамақтарын жақсы тұтынып, орталыққа бейімделе бастады».

Жұртшылықтың жағасын ұстатқан бұл жәйт туралы Түркістан облыстық полиция департаменті әзірге бұрын айтылғаннан басқа мәлімет таратпай отыр. Тергеудің әлі қанша уақытқа созылатынын да ашып айтпайды. Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылы туылған қыздарды қорлады деген айып тағылған. Және бұған дейін өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген.

otyrar.kz

 

[:]