19 апреля, 2019 Comments Off on Жетісайдағы өгей шешеден қорлық көрген үш қыздың әкесі балаларын ешкімге бермейтінін айтты

Жетісайдағы өгей шешеден қорлық көрген үш қыздың әкесі балаларын ешкімге бермейтінін айтты

Түркістан облысы Жетісай ауданында өгей шешесінен қорлық көрген үш қыздың әкесі әйелінен көңілі қалғанын айтып, балаларын ешкімге де бермейтінін айтты деп хабарлайды 31 арна.

31 арнадан кадр

31 арнадан кадр

Жеткіншектердің әкесі Нұрмахаммет Қойымбетов әйелінен көңілі қалғанын, оны аналық құқықтан айырса бір жарым жастағы баласы мен дүниеге келетін нәрестені де өзі бағуға дайын екенін ашып айтты."Қыздарымды өзім қадағалап, өзім жүремін қасында. Әжесі бар, жеңгем бар, бәріміз қасында жүреміз. Қыздарды ешкімге бермеймін", - деді ол.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында өгей ана балаларға зәбір көрсетті деген күдікке ілінген. Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Күдіктелген келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін "жазалау" дәптерін арнағаны да хабарланды.

Сонымен қатар, өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болған еді.

Бұған қатысты үнсіз қалмай күдікті әйелдің әкесі де өз шындығын айтқан болатын.

Шулы оқиғаға байланысты қыздардың туған анасы KAZ. NUR.KZ-ке эксклюзивті сұқбат берді.

Жетісайдан Шымкентке апалы-сіңлілерді психиатриялық сараптамаға алып барған жеңгесі де жанайқайын жеткізді.

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.