17 апреля, 2019 Comments Off on Жетісайда өгей анасынан қорлық көрген жасөспірімдердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді

Жетісайда өгей анасынан қорлық көрген жасөспірімдердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді

Жетісайда өгей анасынан қорлық көрді деген жасөспірімдердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. Мамандардың айтуынша, үш жасөспірімнің денесінен көптеген жарақаттар, маңдай және оң аяғында инфекциялық жаралар және дененің көгеруі анықталған.

Мира Сүлейменова, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: «Ағымдағы жылдың 12- сәуір Жетісай аудандық ауруханасына үш жасөспірім түсті. Түскен кездегі жағдайы қанағаттандырарлық. Травматолог, неврапатолог және психолог қыздарды тексеріп шыққан. Денесінен көгерген іздер, түрлі жарақаттар анықталып, травматология бөліміне жатқызылды. Қазір қажетті емін алуда. Арнайы психолог жасөспірімдермен жұмыс жасауда».

Аталған жәйтқа қатысты Жетісай ауданындағы полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы Түркістан облысының Полциция департаменті хабарлады.

Елдің жағасын ұстатқан өгей шешенің әрекеті туралы әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылауда. Алғашқылардың бірі болып Эльмира Ешниязова атты азаматша өзінің жеке Инстаграмм парақшасында үш жасөспірімнің жағдайы туралы видео жариялаған.

Автордың айтуынша, жасөспірімдерді өгей шешесі ұрып-соғып, қысқышпен (плоскогубцымен) тілін және денесін қысып, аяқтарына пышақ сұғып, қорлық көрсеткен. Дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткен жайтты құзырлы органдар анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған.

otyrar.kz

 

 

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.