26 февраля, 2020 Comments Off on Жертөлені паналаған бес балалы жалғызбасты ана жанайқайын жеткізді (фото, видео)

Жертөлені паналаған бес балалы жалғызбасты ана жанайқайын жеткізді (фото, видео)

Фото: Baq.kz

Фото: Baq.kz

Жалғыз ұлының орнын басқан келіні мен артынан тұяқ болып қалған бес баланың әжесі Жайдаркүл Мұсақұлова ұлының "жұмбақ өліміне" байланысты қанша жерге барғанмен, жазған арыздары жауапсыз қалған. 

"Таңертең жұмысқа кеткен балам оралмады. 3-қабаттан бетонмен құлаған дейді. Хабарын айтып кешкі 9-да келді. Жерлеуіне 300 мың теңге берді. Жалғыз ұлымнан айырылып, есеңгіреп қалдым...

"Нұр Отанға", Ішкі істер министрлігіне арыз жазып бардым. Тергеушілерге, Бас прокуратураға бардым. Ешқандай нәтиже болмады... Артында 5 баласы қалып отыр.

Жұмыста сараптама нәтижесі баламды ішімдік ішкен деп шығарып берді. Ол алғашқы күн жұмысқа барды. Оның алдында үйде жатқан 15 күнінде ішімдік ішкен жоқ. Бұл жерде 16 жыл тұрамыз. Балалармен көшкен де оңай емес. Бұл үйдің иесі жақсы, отын-суымызды әперіп жүр. Жақсы адамдар көп қой", - деп зар жылаған Жайдаркүл Мұсақұлова бес немересінің денсаулығын уайымдайды. 

 
 
Фото: Бауыржан Жуасбаев/ baq.kz

Фото: Бауыржан Жуасбаев/ baq.kz

Себебі, жертөледе тұрып жатқан балалардың жөтелі тоқтар емес. Жиі ауырып, дәріні көп ішеді. Сыйластығы жарасқан келін мен ене 5 баланың жылы үйде өскенін армандайды.

Фото: Бауыржан Жуасбаев/ baq.kz

Фото: Бауыржан Жуасбаев/ baq.kz

Еске сал кетейік, бұған дейін Алматы облысында жалдамалы пәтері өртеніп кеткен жеті балалы отбасының далада қалғанын хабарлаған едік.

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.