24 февраля, 2019 Comments Off on Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксер аяқастынан ресейлік болып кетті

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксер аяқастынан ресейлік болып кетті

21 жастағы қазақстандық спортшы Станислав Калицкийдің соңғы жекпе-жегі сәтті аяқталған болатын, алайда сол жекпе-жектен кейін біршама сұрақтар туындады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Екатеринбург қаласында Калицкий филиппиндік боксер Венсон Делоперемен 6 раунд айқасып, жеңіске жеткен болатын. Алайда бұлжекпе-жекте түсініксіз сұрақтар туындады.

Ринг-анонсшы қазақстандық боксерді  "Қызыл бұрыштан шығатын - Ресей спортшысы Станислав Калицкий" деп таныстырды. Сондай-ақ, боксердің Қостанай қаласынан екендігін де айтып өтті.

 

Айта кетейік, алдыңғы жекпе-жектерде Калицкийдің суретінің қасында Қазақстанның туы тұрған болса, бүгінде ол Ресейдің туына ауысқан.

 

«Қамшы» сілтейді

Загрузка...

Комментирование закрыто.