19 июня, 2019 Comments Off on Жемқорлығы үшін қызметкермен қоса оның басшысы да жазаланады

Жемқорлығы үшін қызметкермен қоса оның басшысы да жазаланады

Парламент мәжілісінің депутаттары жемқорлық үшін бірінші басшының жауапкершілігі жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, жемқорлық жасаған қыметкермен қоса, оның бірінші басшысы да жауапқа тартылмақ деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 
Көрнекі сурет: vitbich.org

Көрнекі сурет: vitbich.org

 

Бұл норма "Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылды. Оның аясында белгілі мекеме қызметкері жемқорлық жасап ұсталған жағдайда, оның бірінші басшы да жауапқа тартылмақ.

"Бұл өзгерістер қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды көздейді", - деді депутат Михаил Чирков.

Әзірге мәжіліс депутаттары аталмыш заң жобасын екінші оқылымды мақұлдады. Бұдан кейін, ол сенжоғары палата сенатқа жіберіледі.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.